top of page

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан, елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді.2019 жылдың 13 желтоқсанында Қазалы қаласындағы Қ. Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектепте Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Ерлігі дастан, елдігі асқан Тәуелсіз елім Қазақстан» атты салтанаттты жиын өткізілді. Жиында мектеп тәлімгері Құдабаев Еркіннің ұйымдастыруымен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» республикалық жасөспірімдер ұйымына мектебіміздің 2-5 сынып оқушылары (65 оқушы) салтанатты түрде ант қабылдап, ұйымға мүше болды. Мектептің «Жалын» жастар ұйымының мүшелері 16 желтоқсан 1986 жылғы оқиғасының желісімен көрініс қойды. Көрініс барысында желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұраты тәуелсіздік екендігі дәріптелді. Мереке барысында мектеп қабырғасына Тәуелсіздікке дейінгі қиындықты және кейінгі Қазақстан өмірінен сыр шертетін көрнекілік жасалынды. Мерекемен қатар келген «Тарих, география, өзін-өзі тану» пәндерінің апталығы қорытындыланып, апталық барысында белсенділік танытқан оқушыларға мақтау қағаздары берілді.Іс-шараның сонында мектеп директоры О.Маханбетов кәсіби шеберлігі мен шығармашылық жетістіктері үшін мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттады.Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоғары дәрежеде өтті.

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінде ақпан айының 18 жұлдызында мектеп акт залында ата-аналармен сынып жетекшілер, тәрбиешілер мен пән мұғалімдерінің қатысуымен «Ата-ананың бала тәрбиесіне ықпал етудің педагогикалық шарттары» тақырыбында жиын өткізілді. Жиынның мақсаты бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту болып табылады.
Жиын барысында тәрбиелік мағынасы бар видеоролик көрсетілді. Жиынды мектеп директоры Маханбетов Оңталап Төлегенұлы ашып жүргізіп отырды. 
Бүгін біз«Ата-ананың бала тәрбиесіне ықпал етудің педагогикалық шарттары» атты ата-аналар жиынын ұйымдастырып отырмыз. Отбасы – адамбаласының түпқазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалынакөніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - ата - анаміндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағаткөзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас – қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Өз кезегінде сөз алған Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазалы ауданының құрметті азаматы, "ШДАМ" қоғамдық бірлестігінің төрағасы және бірнеше ғылыми педагогикалық еңбектердің авторы Шарафаддин Алтынбайұлы бала тәрбиесіне қатысты әсерлі ойларын айтып жан-жақты ғылыми зерттеулермен ұштастыра отырып ақыл кеңестерін айтты. Жиын қорытындысында ұстаздар мен ата-аналар алғыстарын айтып қорытындыланды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табуына ұсыныс тілектерін білдірді.

Қазалы қаласындағы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте "Ұлылар ұлағатымен рухтанған - сөз өнері" атты қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, ән-әуез пәндер бірлестігі апталығының аясында 11.10.2019 күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аширбекова Гүлжанат Жәнібекқызының ұйымдастыруымен "Поэзия, сен менімен егіз бе едің?" тақырыбында жергілікті ақындармен кездесу кеші өткізілді. Аудандық шараға Өркендеу ауылындағы №104 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұстаз-ақын Ғалия Орынбасарова, Кәукей ауылындағы №225 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұстаз-ақын Сәкен Қабылов, Ғ. Мұратбаев ауылындағы №91 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұстаз-ақын Айнұр Оразалы, №266 мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұстаз-ақын Сағыныш Утеулиева сынды жергілікті ақындар келіп, кештің қадірлі қонағы болды. Кездесу кешінің бірінші бөлімінде мектеп оқушылары аудан, облыс, республика  көлемінде аты мәлім жергілікті ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жырдан шашу шашса, екінші бөлім оқушылардың ақын қонақтардың өмір жолы мен шығармашылығына арналған  қызықты сұрақтарына жауап табуымен жалғасты. Кеш соңында ұстаз-ақындар жырларымен көпшілікті қуантып, өз кітаптарын білім ордасына сыйға ұсынды. Кездесу кешінде жергілікті ақын, сазгерлердің әндерін Қазалы қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері Надиров Бақыткелді мен Әлжан Арнұр нақышына келтіре орындады.

                                                        11.10.2019ж.

2019 жылдың 17 қыркүйек күні Қазалы қаласындағы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сағымбаев Ғалымбектің ұйымдастыруымен "Денсаулық Фестивалі - 2019 " акциясы барысында "Денсаулық сандарына қол жеткіз!" ұранымен "Біз шыныққан баламыз" атты эстафеталық жарыс болып өтті. 2-4 сынып оқушыларының қатысуымен өткен бұл жарыста 4 топ сайысқа түсті. Жарыс шарттарына тыңғылықты дайындалған топтар сайысты қызықты етіп өткізді.                                                                            17,09,2019ж

82422576_604781533667449_456563441700700
82548663_604781417000794_430903176770617
82544848_604781437000792_235479510512828
79858741_583199489158987_122839570217906
80433635_583199069159029_634218746650558
WhatsApp Image 2019-10-12 at 08.07.59
WhatsApp Image 2019-10-09 at 16.30.48
Рисунок1
70705172_507914103354193_146141033955065
Рисунок2
WhatsApp Image 2019-09-02 at 07.30.28

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

BILIM.jpg
TIL ALEMI.png
NOBD.jpg
KUNDELIK.png
Эмблема орг.jpg
EGOV.jpg
BILIM LAND.png

© 2021 "Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған. Сайттан мәлімет қолданған

жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

  • Белая иконка facebook
  • Иконка Twitter с прозрачным фоном
  • White Google+ Icon
  • White YouTube Icon
bottom of page