Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектебі бойынша ІІ оқу тоқсанындағы тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы
анықтама
2018 жылдың қараша айының 11 күні мектебімізде «Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Қазалы ауданы бойынша бөлімі, Қазалы ауданы ішкі саясат бөлімі, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру, дінаралық татулықты нығайту және мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру және дәстүрлі емес жат ағымдардың белгілері мен зияны турасында түсіндіру мақсатында "Жат ағымнан өз бойыңды аулақ ұста" тақырыбында 9,10,11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Қазалы ауданы бойынша бөлімінің меңгерушісі Нәлібаев Нұрғазы оқушыларға жат ағымдар түрлері мен қоса белгілері жайында кеңінен баяндама жасады. «Жат ғаымдардың белгілері мен зардаптары» тақырыбында бейнероликтер көрсетті. Кездесу барысында жоба үйлестірушісі Дәрібаев Асылхан оқушыларға яғни мектеп бітіруші түлектерге болашақта мұндай жат ағымдардан аулақ болуға шақыра отырып оларды айыру үшін діни сауаттылықтың қажет екенінне баса назар аударды. Аталған шара барысында оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылып тұшымды жауап алынды. Бітіруші түлектер тарапынан келген қонақтарға алғыс білдіре отырып осындай кездесулер алдағы уақытта жалғасын тапса деген ұсыныстар айтылып қорытындыланды.
Қараша айының 30 жұлдызы күні 1-11 сынып арасында «Менің тұңғыш
Президентім» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Қ.Р.Тұңғыш президенті күніне орай «Ел мерейін асқақтатқан Ел басы» тақырыбында баяндама және бастауыш сынып оқушылары әдеби монтаждар оқыды. Интерактивті тақта арқылы Қ.Р. Тұңғыш президенті туралы бейнефильм көрсетілді. Тәрбие сағаты барысында мектеп директоры Маханбетов Оңталап ағай оқушыларды құттықтады. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президентті Ұлықтау күніне орай мектеп кітапханасында «Елбасы – ел мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының балалық шағы мен өмір жолы, атқарған қызметі, қол жеткізген жетістіктері туралы буклеттер жасалынып, және Н.Назарбаевтің «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» кітаптары, Қ.Олжайдың «Президент пырағы» кітабы, И.Романовтың «Қазақстан» кітабы және баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар қойылды. Кітап көрмесі мектеп оқушыларына таныстырылды.
1 желтоқсан - Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне орай жасөспірімдерді жат әдеттер мен ғасыр дертінен сақтандыру мақсатында «АҚТҚ ЖҚТБ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «ЖИТС-тан қорғану өз қолыңда», «Сенің өмірің – сенің таңдауың», «ЖҚТБ жұқтырған адамдарға көрсетілген дискрименация мен стигмаларды болдырмау», «АҚТҚ берілу жолдары және оның алдын алу» «Нашақорлық – қасірет белгісі», т.б кітапшалар қойылды. Көрме 9-11 сынып оқушыларына таныстырылып өтті.
2018 жылдың 22 қараша күні «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты, «Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінде өткізілген «Рух жаңғырығы» атты патриоттық әндер фестиваліне мектебіміздің 10 сынып оқушысы Жанқуат Ақтолғай қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі ән-әуез пәні мұғалімі Ибайдуллаева Нұрсұлу.
2018 жылдың 30 қарашада 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі күні мерекесіне арналған іс -шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдері Б.Шендібаев пен Ғ.Сағымбаевтың ұйымдастыруымен «Ерлігі дастан, елдігі асқан Қазақстан» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында арасында кіші футболдан сайыс өткізілді. Сайысқа «Сұңқар», «Тұлпар», «Қыран», «Достық» болып төрт команда қатысты. Сайыс нәтижесінде «Тұлпар» командасы І орын, «Сұңқар» командасы ІІ орын, «Қыран» командасы ІІІ орын, «Достық» командасы мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Ұрпақ бірлігінің жасампаздығы – Тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Тәуелсіздікке байланысты буклеттер жасалынып, Н.Назарбаевтің «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» кітаптары, И.Романовтың «Қазақстан» кітабы және баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар қойылды. Кітапханашы Байекеева Жадыра Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік жылдарында әлемдік қауымдастыққа нық қадаммен енген тәуелсіз мемлекет туралы қысқаша шолу жасап, көрмемен таныстырып өтті.
Желтоқсан айының 11 жұлдызында 2 «А» сынып жетекшісі Идрисова Мөлдір «Тәуелсіздік - ұлы ұғым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшісі балаларға тәуелсіздік туралы әдеби монтаждар айтып өлең жолдарын оқыды. Балаларға бейнероликтер көрсетіліп еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктері баяндалды.
Желтоқсан айының 14 жұлдызында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мектеп оқушылары арасында өткізілген көрініс байқауынан мектебіміз жүлделі ІІІ орын иеленіп марапатталды.
2018 жылдың қараша айының 10 жұлдызында «Алтын дән – 2018» мерекесі аясында жарық әлемдегі сұлулықтың символы, табиғаттың тамаша туындысы, адам өміріне ерекше сән беретін «Гүлдер жәрмеңкесіне» белсене қатысып, қоршаған ортаны сүю, көркейту, көгалдандыру жұмыстарына атсалысқаны үшін ұжымымыз «Үздік гүл безендіруші» бағамымен марапатталды.
Желтоқсан айының 15 жұлдызында мектеп акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «Жас Ұлан – 2018» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі қатарына оқушы қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді. Биылғы жылы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне мектебімізден 38 оқушы қабылданды. Салтанатты жиынды мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Ж.Көпенов сөз алып «Жас Ұлан» балалар қоғамдық бірлестігіне қабылданған оқушыларды құттықтады. Жиын барысы «Елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешке ұласты. Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде әдеби монтаждар қойды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай өткізілген іс шара жұмыстарына жақсы атсалысты.
2018 жылдың желтоқсан айының 22 жұлдызында облыс әкімінің шыршасына мектебімізден 4 а сынып оқушысы Әріп Бақдәулет қатыстырылды. Сонымен қатар дәстүрлі аудан әкімінің президенттік шыршасына мектебіміздің 5 «б» сынып оқушысы Сейілхан Арайлым қатыстырылды.
2018 жылдың желтоқсан айының 25 желтоқсанында аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес «2018 Жаңа жыл» мерекесіне орай іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша мектеп акт залына безендіру жұмыстары жасалды.
Жоспар бойынша желтоқсан айының 26 жұлдызында мектеп акт залында бастауыш сынып оқушыларына «Кел жаңа жыл бақыт болып біздерге» тақырыбында, ал желтоқсан айының 27 жұлдызында жоғарғы сынып оқушыларына «Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа нұр» тақырыбында мерекелік кеші өткізілді. Кеш соңында оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Мерекелік шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп қызметкерлері арасынан ерікті жасақшылар тобы құрылып түнгі кезекшілік ұйымдастырылды. Кезекшілік барысында құқық бұзушылық анықталған жоқ.
